Қашаған кен орнының ілеспе газы өңделетін болды

ҚТГ және NCOC газ алу бойынша қызметтер көрсету туралы келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасының тауарлық газға өсіп келе жатқан қажеттіліктерін есепке ала отырып, Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» (ҚТГ) және Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (NCOC) Шикі ілеспе  газды алу бойынша қызметтер көрсету туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен осы жоба іске асырылуда. Жобаны іске асыру газ өңдеу саласын дамытуға және отандық компаниялардың халықаралық стандарт бойынша зауыттар құруына елеулі серпін береді. Бұл елдің газ саласын дамыту стратегиясына және Мемлекет басшысының Қашағанды толық ауқымды игеру бойынша тапсырмасына сәйкес келеді.

NCOC (СКӨБК бойынша оператор) және  ҚТГ (Қазақстан Республикасы тағайындаған тұлға) уағдаластықтарға қол жеткізді және Келісімге қол қойды, оған сәйкес NCOC Қашаған кен орнынан жылына 1,150 миллиард текше метр күкіртті газды жеткізетін болады және ҚТГ осы күкіртті газды тауарлық газ сапасына дейін өңдейтін болады.

Осы жоба NCOC  Қашағанда өндіру көлемін шамамен 2023 жылға қарай  тәулігіне   450 мың барр. дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайу Қазақстан Республикасы Үкіметінің газ экспортын ұлғайту жөніндегі жоспарларын іске асыруға және ішкі сұранысты қолдауға жәрдем көрсетеді, сондай-ақ Қазақстанның келешекте Орталық Азия өңірінде газ нырығында маңызды қатысушы ретінде қалыптасуына ықпал ететін болады.

 

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye