«Үздік маман-2016» газ саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі байқауы аяқталды

Байқаудың басты міндеті-тәжірибе алмасу, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен еңбек өнімділігін арттыру.

Газ және газ тасымалдау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ  11 шілде мен 14 шілде аралығында Шымкент қаласында «Үздік маман-2016» газ саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі байқауының ақтық турын өткізді.    

Биылғы жылғы іс-шара 15 конкурстық кәсіп пен бұған дейін өңірлік кезең нәтижелері бойынша өз кәсіптерінің ең үздіктері болып табылған 102 қатысушының басын қосты.

Байқаудың басты міндеті тәжірибе алмасу, жұмыскерлердің кәсіби шеберліктерін арттыру және еңбек өнімділігін көтеру болып табылады.

Байқаудың ақтық мәресінде қатысушылар тестілеу арқылы теориялық білімдерін ортаға салып, өндірістік объектілерде практикалық тапсырмалардф орындады. Байқауға қатысушылар нәтижелерін бағалаудың басты белгілері орындалған жұмыстардың саны мен сапасы, еңбектің білікті әрі қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін қолдану, теориялық дайындығының деңгейі, техникалық қауіпсіздік қағидаларын білулері мен оны сақтаулары және жұмыс орнындағы жоғары өндіріс мәдениеті болып табылды.

1

Байқаудың ресми ашылу рәсімі Шымкент қаласындағы жеке оқу-курстық комбинат базасында өткізілді.

2

Конкурс алдында қатысушылар арасында міндетті түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізілді. Тестілеу арқылы қатысушылардың теориялық білімі тексерілді. Конкурсқа қатысушы 40 минут ішінде өз мамандығы бойынша 40 сұраққа жауап беруі тиіс болды.

3

Байқаудың практикалық бөлімі алғашқы шұғыл көмек көрсету бойынша қызметкерлер білімін тексеруден басталды.

4

Конурсқа қатысушылар арасындағы аса тартысты жарыс «Электргаздәнекерлеуші» номинациясы бойынша өткізілді. Металлдың екі бөлігін біріктіру – нағыз көзтартарлық көрсетілім деуге болады. Бұл газ саласындағы ең маңызды мамандық болып табылады. Дәнекерлеудің басты мәні – пісірілетін бөлшектердің шеттеріне алдын ала жақсы қыздырылған, балқытылған металл құйылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ҚазТрансГаз» АҚ газ дәнекерлеушілері мен газ кесушілері инсталляция әзірледі.

5

Ақтық сайыс конкурстың барлық сатыларында аса тартысты өтті. Әр қатысушының нәтижесі конкурс соңына дейін және қорытынды шығарылғанға дейін құпия түрде сақталды. Қазылар алқасына қорытынды шығару оңай болған жоқ, себебі олар ең үздік маманды таңдауы керек еді.

6

Байқаудың қорытындысын шығара отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері өздерінің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді. Мұндай деңгейдегі жеңімпаздар туралы, бұл адамдар – компанияның болашағы, еліміздің газ саласының нағыз күші деп батыл айтуға болады!

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye