Цзэн Кэжань 1989 жылы 5 сәуірде ҚХР Чунцин қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Қытай мұнай университетін «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек қызметі
2012 жылдан 2015 жылға дейін «Азиялық Газқұбыры» ЖШС жетекші инженері болып жұмыс істеді.
2015 жылдан 2016 жылға дейін «Азиялық Газқұбыры» ЖШС «КС-8» компрессорлық станциясының басшысы болып жұмыс істеді.
2016 жылдан 2019 жылға дейін «Азиялық Газқұбыры» ЖШС Алматы бақылау орталығының директоры қызметін атқарды.
2019 жылдан 2023 жылға дейін «Азиялық Газқұбыры» ЖШС Тараз ГТБ директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылғы 15 мамырдан бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.