«Бейнеу Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлерінің Кәсіптік Одағы Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімшілігінің ұйымдастыруымен Махатма Ганди атындағы саябақта өткізілген сенбілікке қатысқан біздің компания өкілдерінің бастамасына қолдау білдірді.
Кәсіподақ 100 дана дерен бұтасының көшеттерін сатып алды. Іс-шара барысында көшеттер отырғызылып, саябақ аумағы қоқыстардан тазартылды. Біздің қызметкерлер отырғызған көшеттер Серіктестіктің кәсіподақ ұйымының қолдауымен сатып алынды. Аталмыш іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, жастар арасында экологиялық сананы арттыру, «Таза Қазақстан» акциясын қолдау және қаламызды абаттандыруға жәрдемдесу.
Ағаш отырғызу – бұл біздің табиғатымызға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін таза және жасыл ортаны сақтау. Бүгінгі акцияға қатыса отырып, біз еліміздің экологиясына өз үлесімізді қосуға және табиғатымызға ұқыпты қарауға шақырамыз.
Табиғатымызды бірге қорғап, болашақ ұрпақ үшін жақсы орта қалдырайық!