«Бейнеу – Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директоры Бірінші орынбасарының еңбек ұжымымен есептік кездесуі

2015 жылғы 14 қыркүйекте «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Олжас Тілеуғалиұлы Түсіпбеков еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

1

2015 жылдың бірінші жартысындағы Еңбек қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және экология саласындағы статистиканы жария ете отырып, О. Т. Түсіпбеков Серіктестік қызметінің корпоративтік көрсеткіштерінің жақсы деңгейін атап өтті.

Басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру және дамыту мақсатында 2014 жылдың желтоқсанында Серіктестік БМЖ бойынша сертификаттық аудитті сәтті өткізді және 2015 жылдың 31 наурызында Серіктестікке менеджмент жүйесінің сапа (ISO 9001), экология (ISO 14001), Денсаулық сақтау (OHSAS 18001) стандарттарының талаптарына сәйкестігін куәландыратын халықаралық сертификаттар берілді.

2015 жылда аса күтіліп отырған оқиға – ағымдағы жылдың қараша айында магистральдық газ құбыррның 0-311 км учаскесіндегі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ желілік бөлігін пайдалануға беру болып табылады. Қазіргі уақытта газ қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ 2015 жылы Серіктестік қызметкерлері арасында алғашқы аттестаттау өткізілді, ол тек кәсіби білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің аттестаттаудың өзіне дайындық деңгейін де көрсетті.

2

Жиналыстың соңында Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамоталарымен, «ҚазМұнайГаз» естелік белгілерімен, «ҚазТрансГаз» Құрмет грамоталармен марапатталды.

3

Жиналысты қорытындылай келе, О. Т. Түсіпбеков Серіктестіктің барлық қызметкерлеріне жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, «белсенді, күрделі және бір мезгілде шығармашылық жұмысқа көңіл бөлу қажет» екенін атап өтті.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye