Қазақстандықтар үшін газ жеткізу сенімді қолда
Екінші ай бойы отандық газ саласының қызметкерлері, барлық қазақстандықтар сияқты жарияланған ТЖ режимінде жұмыс істеуде. Күрделі жағдайларға қарамастан еліміздің тұрғындарына көгілдір отын, сондай-ақ транзит пен экспорттық жеткізілімдер кідіріссіз және іркіліссіз тұрақты жүзеге асырылуда. Газ саласының мамандары оқыс жағдайсыз және қандай да бір қиындықсыз өткен жылыту маусымын да ойдағыдай аяқтауда.
Коронавирус пандемиясы «ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық газ операторы қызметкерлерінің алдына жаңа міндеттер қойды. Компанияның барлық тобы бойынша Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең қатаң шаралар қабылданды.
Міндеттеріне тұтынушыларды газбен тікелей қамтамасыз ету кіретін “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ өндірістік филиалдары қызметкерлерінің негізгі бөлігі барлық өңірлерде қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Бұл ретте, тәулік бойы кезекшілікте халыққа газ жеткізумен тікелей айналысатын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясының пайдалану және апаттық бригадалары болады. Ағымдағы бірқатар мәселелер, мысалы, газға қосылуға техникалық шарттар беру сияқты мәселелер телефон немесе электронды бағдарламалар арқылы шешіледі,. Есептеуіштердің көрсеткіштері бойынша деректер қашықтықтан алынады, сондай-ақ абоненттер газ компаниясының қызметтерін төлем терминалдары арқылы төлей алады.
Қашықтықсыз жұмыс істейтін барлық қызметкерлер қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен толық қамтамасыз етілген, өндірістік объектілерде күніне бірнеше рет дезинфекциялық өңдеу жүргізеді. Қызметкерлердің қауіпсіздігін, газ инфрақұрылымының үздіксіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық филиалдарда елеулі шаралар қабылданды.
Көгілдір отынның негізгі тасымалдаушылары болып табылатын «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық Газқұбыры» ЖШС және «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС еншілес компанияларында COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қорғану үшін жөндеу-пайдалану учаскелеріндегі барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ вахталық кенттерде тұратын барлық қызметкерлерге күнделікті профилактикалық және санитарлық-гигиеналық жұмыстар жүргізіледі.
Еліміздегі ең қуатты компрессорлық станцияларының бірі «Түркістан» КС үлгі бола алады, онда күн сайын қызметкерлер жұмыс ауысымын бастаған және аяқтаған кезде мұқият медициналық тексеруден өткізіледі. Дене температурасын өлшеу жүргізіледі, әрбір қызметкердің денсаулық жағдайы бақыланады.
Газ компаниясы қажет болған жағдайда елді мекендерден тысқары орналасқан өндірістік объектілер орналасқан аудандарда далалық инфрақұрылымды өрістетуге дайындалды. Ал вахталық қалашықтарды оқшаулау жағдайында палаталық лагерьлер, асханалар, ас үйлер жедел құрылуы мүмкін, қызметкерлер үшін құрғақ азықтар және тіршілік ету үшін қажетті барлық заттар дайындалуы мүмкін.
Бұл қатаң, бірақ мәжбүрлі шаралар газшыларға елдің барлық маңызды газ магистральдары бойынша газды қауіпсіз және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Газ ұлттық операторының барлық өндірістік және әкімшілік объектілерінде дезинфекция үшін арнайы антисептикалық құралдар орнатылған. Күн сайын үй-жайлар мен арнайы техниканы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының барлық өндірістік объектілері мен вахталық кенттері су, азық-түлік қорымен, бірінші кезекте қажетті тауарлармен, дәрі-дәрмектермен, жеке қорғану құралдарымен және 2 айдан астам уақытқа қажетті басқа да құралдармен қамтамасыз етілгендігін қоса атап өткен жөн.