ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГАЗШЫЛАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ/КАЗАХСТАНСКИЕ ГАЗОВИКИ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ #BIRGE #TAZAQAZAQSTAN
Нұр-Сұлтан қ. 2019 жылғы 5 тамызда «ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық газ операторы қызметкерлері #Birge #TazaQazaqstan жалпы республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Еліміздің Бас газ компаниясының 200-ден астам қызметкері, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері экологиялық сенбілікке шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен экочеллендж #Birge #TazaQazaqstan танымал болып келеді. Оның басты мақсаты барлық қазақстандықтардың назарын еліміздің экология және табиғи ресурстарын сақтау мәселелеріне аудару.
Нұр-Сұлтанда, газ саласының жас қызметкерлері елорда тұрғындарымен, волонтерлермен, қоғам қайраткерлерімен және экологиялық белсенділермен бірге Майбалық көлінің жағасын тазалады. Бірнеше сағат ішінде еріктілер 9 тоннадан астам қоқыс жинады. Алматыда Үлкен Алматы өзені бойындағы Төле би көшесі мен Райымбек даңғылына дейінгі учаске тазаланып, тәртіпке келтірілді.
«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшесі Сандыбай Мәди атап өткендей, компанияда жұмыс істейтін жастар экоакцияны өткізу идеясын үлкен ықыласпен қабылдады.
«Бұл керемет челлендж, сондықтан экологиялық сенбілікке қатысуға бастаманы бірден қолдадық. Туған табиғатты қорғау, Қазақстанның басты қаласында экологияны қолдау-біздің міндетіміз, біздің борышымыз. Қараңыз, бүгін қаншама жерді қоқыстан тазарттық. Оның негізгі бөлігі-пластикалық бөтелке мен пакет. Және олар мұнда ғасырлар бойы жатады. Менің ойымша, жақын болашақта Қазақстан тұрмыста қолданылатын пластиктен толықтай бас тартуы керек, себебі бұл әлемдік тәжірибеге айналды. Экологиялық материалдарды пайдалануға көшу біздің Отанымыздың табиғатын қорғаудағы үлкен қадам болмақ», – деді Сандыбай Мәди.
Пресс-служба АО «КазТрансГаз» Тел: 8 (7172) 55 23 16 «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі Тел: 8 (7172) 55 23 16