Осы блоктың көмегімен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының қызметіне қатысты сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге, ұсыныстарды қарастыруға тырысамыз.
Құрметті әріптестер,
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы Қазақстанның Оңтүстік аймағының тұрғындарына береке және халыққа әл-ауқат әкелетін жобаға жатады, ҮИИДМБ және 2010-2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасының аясында стратегиялық жобалардың қатарына кіреді, Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының арасында энергетика саласындағы бірлескен жоба болып табылады.
2011 жылдың басында Жобалық топтың негізінде бірлескен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС компаниясы құрылды, жобаны іске асыру үшін екі жақтың акционерлерімен таңдалған және жолданған ең үздік техника мамандары мен менеджерлерден тұратын топ қалыптастырылды. Құрылысты басқарудың «PMT+PMC+TPI+EPC»моделін қолдану арқылы құрылыс бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, 2013 жылдың қазан айында Бірінші кезеңнің желілік бөлігінің құрылысы аяқталды, 2013 жылдың соңында ҚР оңтүстік өңіріне табиғи газды тасымалдау басталды, Қазақстанның аумағында газ құбырының құрылысын жедел салу бойынша жаңа рекорд құрылды, Қазақстанның Солтүстік аймақтарынан Оңтүстік аймақтарына табиғи газды тасымалдау бойынша олқылықтың орны толтырылды, Қазақстанның оңтүстік бөлігінің мүдделері орындалды.
Қазіргі сәтте жобаның ІІ кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«БШГҚ» ЖШС дамытудың мақсаты – аты әлемге тараған жоғары деңгейлі құбыр желілік компания құру.
«БШГҚ» ЖШС басқару тұжырымдамасы — стандарттау, интернационалдандыру.
«БШГҚ» ЖШС кәсіпорнының мәдени тұжырымдамасы – «Өзара сыйластық – алғышарт, тең құқық – тірек, ынтымақтастық – бағыт, өзара тиімділік – мақсат іспеттес».
«БШГҚ» ЖШС ЕҚ, ТҚ, және ҚОҚ жөніндегі курс — «Бірінші кезекте – адам қауіпсіздігі және алдын алу шаралары, барлық қызметкерлердің ЕҚ және ТҚ бойынша жұмыстарға қатысуы, ЕҚ және ТҚ деңгейін үздіксіз жетілдіріп отыру».
«БШГҚ» ЖШС түрлі қоғамдық орталардың өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшін күш салуға, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, экономикалық салада халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға дайын.
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Сұрақтар:
Жазба қалдыру үшін жүйеге кіріңіз
Чтобы оставить запись, войдите в систему
RegisterВаш бывший коллега (департамент инжиниринга),
Иванов Игорь Сергеевич
Пожалуйста дайте мне шанс!