«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2018 ж. 14 қараша күні 11 сағат 15 минутта, келесі мекенжай бойынша: Алматы қ, Желтоқсан көшесі, 96/98, №503 кабинетте өткізілген компрессорлық станцияның жөндеу-пайдалану мұқтаждары үшін материалдарды сатып алу жөніндегі ашық тендерінің қорытындысын жариялайды.
№1 Лот бойынша «Oilfield Support Ltd» ЖШС жеңімпаз болып танылды, заңды мекенжайы: ҚР, Орал қаласы, Скоробогатов к-сі, 106/1. №1 Лот бойынша өтінім сомасы: 134 550 900, 00 (жүз отыз төрт миллион бес жүз елу мың тоғыз жүз) теңге;
№2 лот ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМА талаптарына жауап беретін екіден кем тендерлік өтінім ұсынылғандықтан өткізілмеді деп танылды.