«Шаруашылық тауарлар» ашық тендері туралы хабарландыру.

1  +  3  =  

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) «Шаруашылық тауарлар» ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін 2018 жылғы 13 қарашада (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, № 503 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері күн сайын, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.

Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

– Тендерлік құжаттаманы алу үшін ықтимал жабдықтаушы өкілілінің сенімхаты (түпнұсқа).

Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекен-жай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Желтоқсан көшесі, 96/98  үй, 503  кабинетке ұсынады (жібереді).

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2018 жылғы 14 қарашада, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2018 жылғы 14 қарашада, сағат 11.45 келесі мекен- жай бойынша ашылады: 050000,  Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98  үй, № 506  каб. Ықтимал жабдықтаушылар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-68-25 телефоны арқылы алуға болады.

Тендерная документация.pdf

Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.