+ 30 = 35
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) «Ақбұлақ» ГӨС өндірістің ағымдық деңгейін қолдау үшін «АнОкс» үлгісіндегі жанатын табиғи газдағы оттекті талдауышты сатып алу жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы хабарлайды (Сатып алынатын тауарлар, толық сипаттама, қызметті көрсетудің орны мен қажетті мерзімі тендерлік құжаттамада көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетін 2018 жылғы 26 сәуір күні дейін (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, 050000, Алматы қаласы, Желтоксан көшесі, 96/98 үй, № 503 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс).
Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
– Ықтимал жабдықтаушының заңды мекен-жайы, банк деректемелері, телефондары, факстері, байланыстағы жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ұялы телефонын көрсеткен жөн) және компания өкілі төлқұжатының (жеке басты куәландыратын құжаттың) мәліметі көрсетілген тендерге қатысу жөніндегі фирмалық бланктегі хат-өтінімі;
– Тендерлік құжаттаманы алу үшін ықтимал жабдықтаушы өкілілінің сенімхаты (түпнұсқа).
Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекен-жай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, 503 кабинетке ұсынады (жібереді).
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2018 жылғы 27 сәуір күні, сағат 10.00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2018 жылғы 27 сәуір күні, сағат 11.50 келесі мекен- жай бойынша ашылады: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, № 506 каб. Ықтимал жабдықтаушылар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-66-58 телефоны арқылы алуға болады.
Тендерная документация.pdf
Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.
Аккаунт бар ма? |