Алмаз Шухратұлы Қорғанов 1988 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Атырау Мұнай және газ институтын “Экономика”мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы КИМЭП университетінің магистратурасын үздік бітірді, Executive MBA – басқарушылар үшін.
2020 жылы өнімділікті басқару бойынша CIMA дипломын алды.
Еңбек жолы.
2009 жылдан 2011 жылға дейін “Атырау “магистральдық газ құбырлары басқармасы”филиалында келісімшарттар мен тендерлік рәсімдерді мониторингілеу бөлімінің экономисі, инженері болып жұмыс істеді;
2011 жылдан 2014 жылға дейін “Интергаз Орталық Азия”АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде менеджер болып жұмыс істеді;
2014 жылдан 2020 жылға дейін “Интергаз Орталық Азия”АҚ бизнес-жоспарлау және тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді;
2018 жылдың желтоқсанынан 2023 жылға дейін “Интергаз Орталық Азия”АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, бизнес-жоспарлау және тариф қалыптастыру департаментінің директоры қызметтерін атқарды;
2023 жылдың қазан айынан бастап “Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры”ЖШС Бас директорының орынбасары-бас бухгалтері лауазымын атқарады.