+ 31 = 35
Сатып алуға Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы болып табылатын «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік), мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77, келесі көлемде және келесі шарттар бойынша баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен пошта және курьер қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:
- Сатып алудың атауы: пошта және курьер қызметтерін сатып алу.
2. Сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы, қызмет көрсетудің талаптары және мерзімі, көлемі, төлем талаптары мен мерзімі техникалық талап-ерекшелікте және сатып алу жөніндегі шарт жобасында көрсетілген. 3. Қызмет көрсету орны: техникалық талап-ерекшелік пен сәйкес. 4. Техникалық талап-ерекшелік пен сатып алу туралы шарттың жобасын 2016 жылғы «05» наурыз сағат 09:00 ден 2016 жылғы «14» наурыз, сағат 18:30 дейінгі мерзімде (қоса есептегенде) келесі мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан даңғылы 77, № 213 каб. күн сайын, мереке және демалыс күндерінен басқа күндері, 09:00 -18:30 дейін (түскі үзіліс 13:00 – 14:30 дейін) келесі құжаттарды ұсынған соң алуға болады: 1) Аталған сатып алуға қатысу туралы хат-өтініш; 2) Техникалық талап-ерекшеталап-ерекшелік пен шарттың жобасын алуға ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхаты мен баға ұсынысымен конверт ұсыну. 5. Аталмыш баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алуға тілек білдірген ықтимал жабдықтаушы заңды тұлғалардың қолы және мөрімен бекітілген, жеке тұлғалардың қол қоюымен (мөрімен, егер ол болған жағдайда) бекітілген, құрамында келесі мәліметтер мен құжаттары бар бағалық ұсынысты білдіруі керек: 1) Ықтимал жабдықтаушының атауы, заңды және тұрғылықты мекен-жайы, БСН (заңды тұлғалар үшін), патенттің нөмірі және жеке басын анықтайтын құжат (төлқұжат), тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны, ЖИН (жеке тұлғалар үшін) және банк деректемелері; 2) Көрсетілетін қызметтердің атауы, сипаттамасы және көлемі; 3) Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің орны және мерзімдері; 4) Қызметтер бірлігінің бағасы мен қызметтердің жалпы бағасы көрсетілген баға ұсынысы, ҚҚС есептемегенде, қызметтерді көрсетумен байланысты шығындарды қосқанда. 5) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу жөніндегі құжаттың көшірмесін; 6) Лицензияның көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданытын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған ықтимал жабдықтаушының өтінішін (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе); 7) Ықтимал жабдықтаушы қол қойған техникалық талап-ерекшелікті (егер баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алудың өткізілуі туралы хабарламада техникалық талап-ерекшелік болса және ықтимал жабдықтаушының техникалық талап-ерекшелікті беруі жөнінде талап қойылса); 8) ҚҚС бойынша есепке тұру жөніндегі куәліктің көшірмесі (болған жағдайда); 9) Жарғының көшірмесі. Ықтимал жабдықтаушы тек 1 (бір) баға ұсынысын білдіруге құқылы, оған өзгерту және (немесе) толықтыру енгізуге тиым салынады. Баға ұсыныстары қызмет көрсетумен байланысты салық (ҚҚС қоспай) және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді (қажет болған жағдайда сақтандыру) қосқанда барлық шығындарды қамтуы тиіс және жабық конвертке салынып беріледі, оның алдыңғы бетінде ықтимал жабдықтаушы келесіні көрсетуі тиіс: 1) ықтимал жабдықтаушының толық атауы және поштасының мекен-жайы; 2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы және поштасының мекен-жайы, ол хабарландыруда көрсетілген үйлес мәліметтерге сәйкес болуы тиіс; 3) ықтимал жабдықтаушының баға ұсынысын сипаттайтын қатысу үшін сатып алудың атауы. 6. Баға ұсынысы Техникалық сипаттамада көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. 7. Сатып алу жөніндегі шарт баға ұсынысы ең төмен ықтимал жабдықтаушымен жасалады. Бұл ретте, жеңімпаз болып танылған ықтимал жабдықтаушы, өз біліктілігін растау мақсатында келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: 1) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу жөніндегі құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін; 2) лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданытын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған ықтимал жабдықтаушының өтінішін (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе); 3) Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда); 4) Жарғының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін. Баға ұсыныстары конверттерін ұсынудың аяқталу мерзімі: 2016 ж. «15» наурыз 10 сағат 00 минут. Баға ұсыныстарымен ұсынылған конверттердің ашылуы 2016 ж. «15» наурыз, 12 сағат 15 минутта, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77, № 205 каб. өтеді. Баға ұсыныстары келесі мекен-жай бойынша ұсынылады: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77, № 213 каб. 8. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен курьер қызметтерін сатып алуға бөлінген сома 3 683 989,96 теңгені құрайды (ҚҚС есептемегенде). 9. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алу жөніндегі шарт сатып алу қорытындылары жарияланған мерзімнен 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады.
Файл доступен только зарегистрированным пользователям.
Аккаунт бар ма? |