25.05.2016 - Апаттан құтқару қызметтері мен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің қайта

  +  49  =  55

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС апаттан құтқару қызметтері мен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерін  сатып алу бойынша ашық тендердің қайта өткізілетіні туралы хабарлайды. (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген). Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жеткізушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама пакетін 2016 жылғы 31 мамыр мерзімі (қоса есептегенде), сағат 18.30-ға дейін, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 213 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады. Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: –             Ықтимал жеткізушінің заңды мекенжайы, банк деректемелері, телефондары, факстері, байланыстағы жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ұялы телефонын көрсеткен жөн) және компания өкілі төлқұжатының (жеке басты куәландыратын құжаттың) мәліметтері көрсетілген  тендерге қатысу жөніндегі фирмалық бланктегі хат-өтінімі; –             Тендерлік құжаттаманы алу үшін ықтимал жеткізуші өкілінің сенімхаты (түпнұсқа). Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жеткізушілердің тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жеткізушілер «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекенжай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77 үй, 213 кабинетке ұсынады (жібереді). Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2016 жылғы 1 маусым, сағат 10.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер бар конверттер 2016 жылғы 1 маусым, сағат 12.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: 050000,  Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 205 каб. Ықтимал жеткізушілер тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады. Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-66-58 телефоны арқылы алуға болады.

Шарт жобасы.pdf

Тендерлік құжаттама.pdf

Техникалық сипаттама.pdf

Файл доступен только зарегистрированным пользователям.