16.06.2016 - «ББШ» МГҚ оқшаулауды кешенді тексеру» бойынша ашық тендер өткізу жөнінде хабарландыру

  +  57  =  59

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «ББШ» МГҚ оқшаулауды кешенді тексеру» бойынша ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген). Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі. Тендерлік құжаттама пакетін 2016 жылғы 29 маусым (қоса есептегенде), сағат 18.30-ға дейін, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, №213 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады. Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: –             Ықтимал жабдықтаушының заңды мекенжайы, банк деректемелері, телефондары, факстері, байланыстағы жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ұялы телефонын көрсеткен жөн) және компания өкілі төлқұжатының (жеке басты куәландыратын құжаттың) мәліметі көрсетілген  тендерге қатысу жөніндегі фирмалық бланктегі хат-өтінімі; –             Тендерлік құжаттаманы алу үшін ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхаты (түпнұсқа). Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекенжай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, 213 кабинетке ұсынады (жібереді). Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2016 жылғы 30 маусым, сағат 10.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2016 жылғы 30 маусымда, сағат 12.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: 050000,  Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 205 каб. Ықтимал жабдықтаушылар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады. Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-66-58 телефоны арқылы алуға болады.

Шарт жобасы.pdf

Тендерлік құжаттама.pdf

Техникалық сипаттама.pdf

Файл доступен только зарегистрированным пользователям.