«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2016 ж. 8 маусым күні, 12 сағат 00 минутта келесі мекен-жай бойынша: Алматы қ, Абылай хан даңғылы, 77, №205 кабинетте Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу үшін қайта өткізілген ашық тендердің қорытындысын хабарлайды. Жеңімпаз болып өтінім сомасы 21 901 400 (жиырма бір миллион тоғыз жүз бір мың төрт жүз) теңгені (ҚҚС есептемегенде) құраған, заңды мекен-жайы: ҚР, 050050, Алматы, Суюнбай данғ, 132 А, «Виктория-95» ЖШС танылды.