Жергілікті басқарушы кадрлардың пайдалану және өндірістік қызмет бағыты бойынша біліктілігін арттыру
Бейжің 🇨🇳 қаласында TapLine компаниясының ұйыдастыруымен «Жергілікті басқарушы кадрлардың пайдалану және өндірістік қызмет бағыты бойынша біліктілігін арттыру” бесінші бағдарламасы ұйымдастырылды. Оған компаниямыздың бас директорының орынбасары Нұрлан Темержанов бастаған бір топ қызметкерлеріміз қатысты. Оқыту бағдарламасы мұнай-газ құбырлары инфрақұрылымын пайдалану және дамыту саласындағы кәсіби біліктілікті арттыруға, сондай-ақ практикалық білім алуға бағытталған. Оқыту аясында Sino-Pipeline International Company Limited және Қытайдың Ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) тәжірибесін зерделеу, энергетикалық ынтымақтастық, цифрлық трансформация және интеллектуалды құбыр желілерін құру, заманауи SCADA жүйелері, құбырлар мен компрессорлық агрегаттарды қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету мәселелері қарастырылады. Құбырлардың коррозиясын диагностикалау және олардың тұтастығын басқару технологияларына, талшықты-оптикалық мониторинг пен қауіп-қатерлердің алдын ала ескерту жүйелеріне, сондай-ақ мұнай-газ саласын төмен көміртекті және инновациялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бағдарлама аясында автоматтандыру, цифрландыру және интеллектуалды өндірістің заманауи технологияларымен танысу мақсатында SANY Heavy Industry Lighthouse Factory зауытына практикалық сапар да қарастырылған. Алынған білім мен практикалық тәжірибе құбыр инфрақұрылымын пайдалану сенімділігін, қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін қолданылуы мүмкін.




