UMAI Gas әйелдер клубы
2026 жылдың 17-ші шілдесінде Астанада «Интергаз Орталық Азия» АҚ жанындағы UMAI Gas әйелдер клубының еңбек нарығының болашағына, заманауи құзыреттерді дамытуға және жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар ашып отырған жаңа мүмкіндіктерге арналған форумы өтті. Форум тәжірибе алмасуға, тың идеяларды ортаға салуға, сондай-ақ бүгінде еңбек үдерісіне, кәсіби дамуға және көшбасшылыққа деген көзқарасты өзгертіп жатқан негізгі үрдістерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Форум жұмысына «Бейнеу – Шымкент газ құбыры» ЖШС-нің Бас директоры Цзун Хун ханым қатысты. Ол қатысушылар алдында «Энергетика саласын цифрлық трансформациялау үдерісіндегі әйелдердің мүмкіндіктері мен дамуы» тақырыбында баяндама жасап, цифрландыру әйелдердің кәсіби әлеуетін толық ашуға, технологиялық өзгерістерді басқаруға және инновациялық шешімдерді енгізуге кең мүмкіндік беретінін атап өтті.




