
Пан Шубао, 1982 жылы ҚХР, Хэбэй провинциясында туған.
2005 жылы Қытай мұнай университетін (Бейжің қ.) бітіріп, «Маркетинг» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болды.
2018 жылы Қытай мұнай университетінде (Хуадун) «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2009 жылдан 2026 жылға дейін өзбек-қытай бірлескен кәсіпорны «Asia Trans Gas» ААҚ компаниясында маркетинг және тендерлік басқару бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2026 жылдың мамыр айында «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
