Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары — Еренов Мурат Бахытбекович

Еренов Мурат Бахытбекович –1985 жылы 20 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2003-2008 жылдар аралығында Алматы энергетика және байланыс университетінде «Электрондық жүйелер және технологиялар» мамандығы бойынша білім алып, инженер біліктілігін алды.

Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.

2008-2010 жж. — «Intelligent Computer Services» ЖШС, БӨҚжәнеА инженері.

2010-2012 жж. — «Инсайт» инжинирингтік компаниясы» ЖШС, БӨҚжәнеА жетекші инженер-жобалаушысы.

2012–2013 жж. — «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» АҚ, БӨҚжәнеА жетекші инженері.

2013–2018 жж. — «Азиялық газ құбыры» ЖШС, БӨҚжәнеА жетекші инженері.

2018–2023 жж. — «Азиялық газ құбыры» ЖШС, ТҮБАЖ бөлімінің басшысы.

2023 ж. — «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС күрделі құрылыс департаменті директорының орынбасары.

2023–2026 жж. — «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, департамент директоры.

2026 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Бейнеу-Шымкент газ құбыры»  ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары.