
Нұрлан Ержанұлы Темержанов – 1988 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.
2008 жылы Қазақ-Америка университеті жанындағы Алматы байланыс колледжін «Байланыс желілері және коммутация жүйелері» мамандығы бойынша аяқтады.
2011 жылы Қазақ-Америка университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
2016 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Қазіргі уақытта Korkyt Ata University «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алады.
Еңбек жолын 2013 жылы «Кристалл Менеджмент» ЖШС (газтурбиналық электр станциясы, Ақшабұлақ кен орны) бастады, онда байланыс технигі, кейін телекоммуникация инженері лауазымдарын атқарды.
2015-2018 жылдары «Телекоммуникация желілерін басқарудың бас орталығында» әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2018–2019 жылдары — директордың қолдау функцияларының операциялық тиімділігі жөніндегі орынбасары.
2019 жылы «Қазақтелеком» АҚ (Орталық аппарат) ғимараттары мен құрылыстары бойынша Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша бас ревизор болып жұмыс істеді.
2019-2023 жылдары «Қазақтелеком» АҚ үкіметтік байланыс жүйесінде жетекші талдаушы қызметін атқарды.
2023-2024 жылдары «Бейнеу–Шымкент газ құбыры» ЖШС инжиниринг департаментінің жетекші инженері, 2024-2025 жылдары күрделі құрылыс департаменті директорының орынбасары болып істеді.
12.2025 ж. және 03.2026 ж. аралығында — инжиниринг департаменті директорының орынбасары.
2026 жылғы сәуірден бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының күрделі құрылыс және жөндеу жөніндегі орынбасары лауазымын атқарады.
