Бас директорының бірінші орынбасары - Дастан Жексенбай

Дастан Жексенбай 1986 жылы 6 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақстан-Британ техникалық университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Энергетиканы басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесіне ие (University of Stirling, Ұлыбритания).

«Мұнай-газ бизнесін басқару» бағдарламасы бойынша MBA дәрежесінің иегері (И.М. Губкин атындағы РМУ).

2025 жылы жеткізу тізбегін басқару және жаһандық логистика саласында Postgraduate Certificate бағдарламасын аяқтады (University of London).

Мұнай-газ және энергетика салаларында 18 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Өндірістік қызметті үйлестіруде, қаржы-экономикалық және сатып алу процестерін ұйымдастыру мен басқаруда, сондай-ақ логистика және жеткізу тізбегі салаларында жүйелі басқарушылық тәжірибесіне ие.

Атқарған лауазымдары аясында өндірістік және инфрақұрылымдық нысандардың сенімді әрі тиімді пайдаланылуын ұйымдастырды, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жолға қойып, негізгі процестердің, соның ішінде сыртқы мердігерлермен жұмыс істеу кезіндегі тұрақты және үздіксіз қызметін қамтамасыз етті.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық Газ Құбыры» ЖШС, «QazaqGaz Aimak» АҚ, KMG International / The Rompetrol Group, «PetroKazakhstan» АҚ құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2026 жылдың ақпан айынан бастап «Бейнеу–Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарады.