
Сәрсембай Победаұлы Ещанов 1971 жылы Атырау облысы Мақат кентінде дүниеге келді. 1989-1994 жылдары Саратов мемлекеттік техникалық университетінде оқып, «Газ айдаушы компрессорлық станцияларды жобалау» мамандығын алды.
1994-1995 жж. – «Жайықтрансгаз» ДАО Мақат Желілік өндірістік басқармасында Технологиялық компрессорлардың машинисті.
1995-1997 жж. – «Жайықтрансгаз» ДАО Мақат Желілік өндірістік басқармасы Газ компрессорлық қызметінің инженері.
1997-1999 жж. – «Жайықтрансгаз» ДАО Мақат Желілік өндірістік басқармасында желілік-пайдалану қызметінің шебері.
1999-2000 жж. – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ Мақат негізгі қызмет көрсету базасында қызмет көрсету базасының механигі.
2000-2001 жж. – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ «Атырау» МГҚБ магистральдық газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженері.
2001-2004 жж. – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ «Атырау» МГҚБ Желілік Өндірістік Басқарма басшысының пайдалану жөніндегі орынбасары.
2004-2005 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ магистральдық газ құбырлары объектілерін пайдалану жөніндегі жетекші маманы.
2005-2006 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ магистральдық газ құбырлары қызметінің басшысы.
2006-2010 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ Астана қ., Өндірістік-техникалық департаменттің бас менеджері.
2010-2013 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ Астана қ., Өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары.
2013-2023 жж. «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Өндірістік-техникалық департаментінің директоры.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары.
