Жуырда QazaqGaz компаниясында HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті. Іс-шара барысында қатысушылар еңбек қорғау, қауіпсіздік және климаттың өзгеруінің қызметкерлердің денсаулығына әсері туралы маңызды мәселелерді талқылады.
Халықаралық компаниялар, олардың ішінде: CNPC, Eni, Chevron және Shell өкілдері қатысушылармен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты даму бағытындағы тәжірибелері мен тәсілдерімен бөлісті. Сессия барысында «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ департаментінің директоры Әнуар Қалтаев «Өмірлік маңызды ережелерді геймификациялау» атты жаңа әзірлемесін таныстырды. HSE жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін “QzaqGaz” ҰҚ” АҚ басқарма төрағасының құрмет грамоталарымен біздің қызметкерлеріміз Ә.Қалтаев және Б.Қаржаубаев марапатталды.