ЖШС Бас директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары

Чжан Минбо 1972 жылы 24 тамызда Қытайдың Ляонин провинциясында дүниеге келген.
Білімі: 2003 жылы Қазақстан халықаралық бизнес академиясында Экономика және менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Еңбек қызметі
2008 ж. – 2011 ж. «Азиялық газ құбыры» ЖШС әкімшілік департаментінде жұмыс істеді.
2011 ж. – 2024 ж. «Бейнеу Шымкент газ құбыры» ЖШС әкімшілік департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдың қазан айынан бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары.