2023 жылғы 24 қарашада «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС бас кеңсесінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша офлайн/онлайн дәріс өткізілді.
Іс-шараның негізгі міндеті – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлық мәселесін түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың мәнін және оның алдын алу тетіктерін түсінуді арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне нөлдік төзімділікті ояту.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қ. А. Сәлімбаев мырза өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылатынын айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаның негізгі пакеттерін түсіндіре отырып, бағыышты тұлғалардың сыбайлас жемқорлық және әлсіз алдын алу жұмысы үшін басшылардың дербес жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлар үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі, сыйлық беруге толық тыйым салу, ҚР азаматтарын жалпыға бірдей декларациялау, ҚР Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінде көзделген жауапкершілік туралы атап өтті.
Ол сондай ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдын алу жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, Комплаенс қызметінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (мүдделер қақтығысы, ақша жұмсау, мемлекеттік сатып алуды жүргізу, ұйымдастыру-бөлу функциялары), қызметкерлермен профилактикалық әңгімелер жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау, парасаттылық қағидаттарын ұстана отырып өмір сүру сияқты негізгі міндеттерін түсіндірді.