+ 66 = 75
Сатып алуға Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы болып табылатын «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік), мекенжайы: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, келесі көлемде және келесі шарттар бойынша Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қараөзек ауылында «Қараөзек» ЖПУ 10 кВ әуе электр беру желісін салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді» сатып алуды өткізу туралы хабарландыру:
1. Сатып алудың атауы: «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қараөзек ауылында «Қараөзек» ЖПУ 10 кВ әуе электр беру желісін салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу»
2. Сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы, қызмет көрсетудің көлемі, мерзімі және төлем талаптары мен мерзімі техникалық сипаттамада және сатып алу жөніндегі шарт жобасында көрсетілген.
3. Қызмет көрсету орны: техникалық сипаттамаға сәйкес.
4. Техникалық сипаттама мен сатып алу туралы шарттың жобасын 2023 жылғы «10» қараша күні, сағат 09:30 ден 2023 жылғы «20» қараша күні, сағат 10:00 дейінгі мерзімде (қоса есептегенде) келесі мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан даңғылы 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10 қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаменті, күн сайын, мереке және демалыс күндерінен басқа күндері, 09:00 -18:30 дейін (түскі үзіліс 13:00 – 14:30 дейін) келесі құжаттарды ұсынған соң алуға болады:
1) Аталған сатып алуға қатысу туралы өтінім-хат;
2) Техникалық сипаттама мен шарттың жобасын алуға әлеуетті жеткізуші өкілінің сенімхаты мен баға ұсынысымен конверт ұсыну.
3) USB-жинақтағыш.
5. Аталмыш баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші заңды тұлғалардың қолы және мөрімен бекітілген, жеке тұлғалардың қол қоюымен (мөрімен, егер ол болған жағдайда) бекітілген, құрамында келесі мәліметтер мен құжаттары бар бағалық ұсынысты білдіруі керек:
1) Әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және тұрғылықты мекенжайы, БСН (заңды тұлғалар үшін), патент нөмірі және жеке басын анықтайтын құжат (төлқұжат), тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны, ЖСН (жеке тұлғалар үшін) және банк деректемелері;
2) Көрсетілетін қызмет атауы, сипаттамасы және көлемі;
3) Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің орны және мерзімдері;
4) Қызметтер бірлігінің бағасы мен қызметтердің жалпы бағасы көрсетілген баға ұсынысы, ҚҚС есептемегенде, қызметтерді көрсетумен байланысты шығындарды қосқанда;
5) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркеу туралы құжат көшірмесін;
6) Лицензия көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданатын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жеткізушінің өтінішін (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе);
7) Әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық сипаттаманы (егер баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алудың өткізілуі туралы хабарламада техникалық сипаттама болса және әлеуетті жеткізушінің техникалық сипаттаманы беруі жөнінде талап қойылса);
8) ҚҚС бойынша есепке тұру жөніндегі куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
9) Жарғының көшірмесі.
Әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) баға ұсынысын білдіруге құқылы, оған өзгерту және (немесе) толықтыру енгізуге тыйым салынады. Баға ұсыныстары қызмет көрсетумен байланысты салық (ҚҚС қоспай) және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді (қажет болған жағдайда сақтандыру) қосқанда барлық шығындарды қамтуы тиіс және жабық конвертке салынып беріледі, оның алдыңғы бетінде әлеуетті жеткізуші келесіні көрсетуі тиіс:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы, ол хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес болуы тиіс;
3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын сипаттайтын қатысу үшін сатып алудың атауы.
6. Баға ұсынысы Техникалық сипаттамада көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
7. Сатып алу жөніндегі шарт баға ұсынысы ең төмен әлеуетті жеткізушімен жасалады. Бұл ретте, жеңімпаз болып танылған әлеуетті жеткізуші, өз біліктілігін растау мақсатында келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъект ретінде тіркеу жөніндегі құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;
2) Лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданытын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жеткізушінің өтініші (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе);
3) Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);
4) Жарғының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі.
Баға ұсыныстары конверттерін ұсынудың аяқталу мерзімі: 2023 ж. «20» қараша күні 10 сағат 00 минут.
Баға ұсыныстарымен ұсынылған конверттердің ашылуы: 2023 ж. «20» қараша күні, сағат 10 сағат 30 минут, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залында (10 қабат) өтеді.
Баға ұсыныстары келесі мекенжай бойынша ұсынылады: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаменті.
8. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қараөзек ауылында «Қараөзек» ЖПУ 10 кВ әуе электр беру желісін салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді» сатып алуға бөлінген сома ҚҚС есебінсіз 1 218 311,34 теңгені құрайды
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8 (727) 342-38-39 телефоны бойынша алуға болады.
Файл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді
Аккаунт бар ма? |