Талғат Қайменұлы Есендияров 1987 жылы Қазақстан Республикасы, Орал қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, (Астана қ.) бітірді. 2013 жылы Қытай Мұнай университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша (Бейжің қ.) тәмамдады.
2011 ж. – 2013 ж. ҚХР Бейжің қ. «ULS Group» халықаралық көлік компаниясы, Менеджер.
2013 ж. – 2014 ж. ҚХР Гуанчжоу қ. «ULS Group» халықаралық көлік компаниясы өңірлік бөлімшесінің басшысы.
2014 ж. – 2017 ж. Казтурборемонт СО ЖШС Атырау қ, Бизнесті дамыту жөніндегі менеджер.
2017 ж.–2018 ж. «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, Жобалық жұмыстарды басқару департаментінің жетекші инженері.
2018 ж. – 2019 ж. «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, КС-2 пайдалану бойынша жетекші инженері.
2019 ж. – 2022 ж. «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, СКС-5 пайдалану жөніндегі жетекші инженері.
2022 ж.–2023 ж. «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, Жобалау және бақылау департаменті директорының орынбасары.
2023 жылдың қазан айынан бастап «Бейнеу Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары – ЖБТ басшысының орынбасары.