«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2023 ж. 13 сәуір күні 11 сағат 30 минутта, келесі мекенжай бойынша: Алматы қ, Абылай хан даңғылы, 53 өткізілген Су көздерінің (ұңғымалардың) санитариялық-қорғау аймағының Жобасын және суды пайдалануға арнайы рұқсат ала отырып, су шығысының және суды ағызудың үлестік нормаларының Жобасын әзірлеу бойынша қызметтер көрсетуге ашық тендердің қорытындысын хабарлайды. Жеңімпаз болып: «Қазэкология» Республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығы ЖШС, заңды мекенжайы: ҚР, Алматы қаласы, Айтеке би көш., 27 танылды. Өтінім сомасы ҚҚС есептемегенде 11 970 000 (он бір миллион тоғыз жүз жетпіс мың) теңгені құрады.