«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «ВК қызмет көрсету, тамақпен қамтамасыз ету, КС клинингі» ашық тендерінің өткізілетіні туралы хабарлайды. (Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, егжей-тегжейлі ерекшелігі, қызмет көрсету орны мен талап етілетін мерзімі тендерлік құжаттамада көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық ниет білдірген әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Сондай-ақ тендерлік құжаттаманы алуға сенімхаттың түпнұсқасын және әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет. Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады:А05А2К5, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.
Тендерлік өтінімді беру үшін әлеуетті жеткізуші (не әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкілі) сондай-ақ тендерлік өтінім беруге арналған сенімхаттың түпнұсқасын және әлеуетті жеткізушінің (не әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкілінің) жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы «30» Маусым күні, сағат 10:00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2022 жылғы «30» Маусым күні, сағат 12:00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).
Конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті жеткізушілердің өкілдері конверттерді ашу рәсіміне қатысуға әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәлігінің көшірмесін ұсынған кезде ғана рұқсат етілетін болады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342 37 84 телефоны арқылы алуға болады.