Уәкілетті орган мен 2021 жылға арналған тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның мемлекеттік органында түзетулерді бекітуге өтінімдерді дайындау, қалыптастыру, орындау, ұсыну және қолдау бойынша қызметтерiн сатып алуға ашық тендердің өткізілетіні туралы хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы салдарынан қалыптасқан жағдайға байланысты тендерлік құжаттаманың көшірмесін алу үшін әлеуетті жеткізуші тендерлік құжаттаманың көшірмесін, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне тендерлік құжаттаманы алуға арналған сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәліктің көшірмесін алған күнге дейін 5 (бес күннен) аспайтын мерзімде алынған ПТР тестінің теріс нәтижесін және/немесе вакцинация паспортының көшірмесiн ұсынуы қажет. Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады:А05А2К5, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.
Тендерлік өтінімді беру үшін әлеуетті жеткізуші (не әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкілі) вакцинация паспортының көшірмесін және/немесе тендерлік өтінім берілген күнге дейін 5 (бес күннен) аспайтын мерзімде алынған ПТР тестінің теріс нәтижесін, сондай-ақ тендерлік өтінім беруге арналған сенімхаттың түпнұсқасын және әлеуетті жеткізушінің (не әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкілінің) жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы «11» қараша күні, сағат 10:00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2021 жылғы «11» қараша күні, сағат 12:00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).
Конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті жеткізушілердің өкілдеріне 2021 жылғы «08» қарашаға дейін 5 (бес күннен) аспайтын мерзімде алынған ПТР тестінің теріс нәтижесі және/немесе вакцинация паспортының көшірмесi болған кезде, сондай-ақ конверттерді ашу рәсіміне қатысуға әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәлігінің көшірмесін ұсынған кезде ғана рұқсат етілетін болады. Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342 37 84 телефоны арқылы алуға болады.