«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2021 ж. 16 шілде күні 11 сағат 45 минутта, келесі мекенжай бойынша: Алматы қ, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, конференц-залда (10 қабат) өткізілген «Құбырішілік дефектоскопия бойынша қызметтер көрсету» қайта ашық тендерінің қорытындыларын жариялайды. Жеңімпаз болып «Sapa Sorfware» ЖШС (заңды мекенжайы: ҚР, Нұр-сұлтан қ., Қонаев к-сі, 14/3, 11-қабат.) және «GasTechService» ЖШС (заңды мекенжайы: ҚР, Алматы қ. Әл-Фараби, 9, 111-кеңсе, 5Г кешені) құралған Консорциум жеңімпаз болып танылды. Өтінім сомасы ҚҚС есебінсіз 409 500 000, 00 (төрт жүз тоғыз миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.