«Шорнақ» вахталық кенті және жөндеу-пайдалану учаскесі объектілерінде корпоративтік мұражай және ландшафтық дизайн құру және ресімдеу бойынша қызметтер көрсету» ашық тендері туралы хабарландыру

27  +    =  33

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Шорнақ» вахталық кенті және жөндеу-пайдалану учаскесі объектілерінде корпоративтік мұражай және ландшафтық дизайн құру және ресімдеу бойынша қызметтер көрсету» ашық тендерінің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

Әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдері тек курьерлік қызмет арқылы мына мекенжайға жіберіледі: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2020 жылғы 30 қазан, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2020 жылғы 30 қазан  күні, сағат 12.00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).

Файл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді

[/not_logged_in] Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342 37 00 телефоны арқылы алуға болады.