ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГАЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Қазақстан бойынша жарияланған коронавирустық инфекцияға байланысты ТЖ режимі мен бірқатар шектеу шараларын енгізуге қарамастан, отандық газ қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

«ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық газ операторы компанияларының барлық тобы бойынша барлық өндірістік филиалдарда бірқатар ерекше қауіпсіздік шаралары қабылданды. Жедел штаб құрылды, көптеген қызметкерлер үшін қашықтықтан жұмыс жасау тәртібі енгізілді. Бұл ретте, халыққа газ жеткізумен тікелей айналысатын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясының пайдалану және апаттық  бригадалары тәулік бойы кезекшілікті атқаруда.

Ағымдағы бірқатар мәселелер,  мысалы, газға қосылуға техникалық шарттар беру  мәселесі телефон немесе электрондық бағдарламалар арқылы шешіледі. Есептеуіштердің көрсеткіштері бойынша деректер қашықтықтан алынады, сондай-ақ абоненттер газ компаниясының қызметтерін төлем терминалдары арқылы төлей алады.

Барлық қашықтықтан  жұмыс істемейтін қызметкерлер қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен толық қамтамасыз етілген, өндірістік объектілерде күніне бірнеше рет дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі.

ТЖ режиміндегі жұмыстың қиын жағдайына қарамастан, ұлттық газ операторы өңірлерді газдандыру бойынша үздіксіз маңызды жұмыстарды жүргізуде. Жыл басынан бері газ құбырларының ұзындығы 731,61 километрге ұлғайды, ал наурыз айының ортасынан бастап көгілдір отынды екі мыңға жуық жеке үйдің тұрғындары, жүзге жуық кәсіпкерлер мен 76 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын пайдалана алады.

Мысалы, кеше ғана Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында, Өтенай және Жастар шағын аудандарында бірден бірнеше үйге газ қосылды. Осыған дейін  өз үйлерін көмір жағып жылытып отырған  жергілікті тұрғындар  енді жайлы және қолжетімді көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алды.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Талдықорған қаласында 9 мыңға жуық жеке абонент және 85 кәсіпорын табиғи газды пайдалануда. Газшылар жыл соңына дейін тағы екі шағын ауданды газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye