+ 75 = 85
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру» қызметтерін сатып алу жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетін 2019 жылғы 8 қазан күні (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан данғылы, 53 үй, 10 қабат, «Тендiрлiк рәсiмдер және келiсiм шартар мониторинг департаментi», демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері күн сайын, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін тiзiмде көрсетiлгендi тапсыру қажет:
- Ықтимал жабдықтаушы өкілілінің сенімхаты (түпнұсқа);
- Ықтимал жабдықтаушы өкілілінің жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
- 512 Мб (мегабайт) кем емес бос орын бар электрондық сақтау жетегі («флэш-карта»).
Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекен-жай бойынша: А05А2К5, Қазақстан Республикасы, Абылай хан данғылы, 53 үй, 10 қабат, «Тендiрлiк рәсiмдер және келiсiм шартар мониторинг департаментi» (жібереді).
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2019 жылғы 9 қазан күні, сағат 10.00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2019 жылғы 9 қазан күні, сағат 12.00 келесі мекен-жай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан данғылы, 53 үй, 9 қабат, мәжiлic зал. Ықтимал жабдықтаушылар, коверттердi ашу рәсiмiне қатысу үшін берiлген сенімхат бар болған жағдайда, тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.
Тендерлік құжаттама.pdfФайл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді
Аккаунт бар ма? |
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342-36-58 телефоны арқылы алуға болады.