+ 85 = 88
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Компрессорлық станцияның апаттық қоры үшін материалдарды қайта сатып алу жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетін 2018 жылғы 25 қазан күні (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, келесі мекенжай бойынша: 050000, Алматы қаласы, Желтоксан көшесі, 96/98 үй, № 503 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
– Тендерлік құжаттаманы алу үшін әлеуетті жеткізуші өкілінің сенімхаты (түпнұсқа).
Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген әлеуетті жеткізушілердің тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, Әлеуетті жеткізушілер «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекенжай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, 503 кабинетке ұсынады (жібереді).
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2018 жылғы 26 қазан күні, сағат 10.00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2018 жылғы 26 қазан күні, сағат 12.00 келесі мекенжай бойынша: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98, № 506 каб. ашылады Әлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-66-58 телефоны арқылы алуға болады.
Тендерная документация.pdf
Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.
Аккаунт бар ма? |