«ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың 3-ші тоқсанындағы қызметтің қорытындысын шығарды.
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Астана қ. |
|
«Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ, компаниялар тобының 2018 жылдың 3-ші тоқсанындағы қызметінің қорытындысын шығарды.
Жедел деректерге сәйкес «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ағымдағы жылдың 9 айындағы шоғырландырылған таза табысы 118,6 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңіндегіден 72,4 млрд. теңгеге немесе 156%-ға артық. Алынған пайда Ұлттық операторға қазақтандық тұтынушыларды субсидиялауға (2018 жылы ішкі нарықтағы сауда операцияларынан күтілетін шығын 46 млрд. теңге), сондай-ақ 560 млрд. теңге мөлшеріндегі кредиттік портфельге тұрақты қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
ҚазТрансГаз елдің ірі салық төлеушілерінің бірі болып табылады. 2018 жылы «ҚазТрансГаз» компаниялар тобы 52,4 млрд. теңгеден астам сомаға бюджетке салықтар мен өзге де төлемдер төледі.
Есептік кезеңде газ өткізудің көлемі 17.3 млрд. текше метрді құрады. Бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткіштен 5 млрд. текше метрге немесе 41%-ға жоғары. Бұл ретте, экспортқа газ өткізу өсімі 4 млрд. текше метрді, оның ішінде газды Қытай Халық Республикасына экспорттық жеткізулер есебінен құрады.
Магистральдық тасымалдау көлемі 81,5 млрд. текше метрді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,6 млрд. м3 немесе 10%-ға жоғары.
“ҚазТрансГаз” АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз-қызметі
Тел: +7(7172)-55 23 16