«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бірінші басшысының 1 жарты жылдықтың қорытындысы бойынша және 2018 жылдың 2 жарты жылдығына қойылған мақсаттар бойынша еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі.
2018ж. 12 маусымында Бас директордың м.а. Т.Ә. Әділов мырза еңбек ұжымымен есеп беру кездесуін өткізді.
Бас директордың м.а. Т.Ә. Әділов мырза өз сөзін 2018 жылдың 1 жарты жылдығындағы Серіктестіктің қаржылық-экономикалық блогы қызметінің негізгі қорытындыларын жариялаудан бастады, олардың ішінде: өндірістегі оқыс оқиғалардың жоқтығы, 01.07.2018ж. жағдай бойынша «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС нысандары құрылысының мәртебесі, 2018ж. 1 жарты жылдығы бойынша нысандар құрылысын аяқтау жоспары, 2017 ж. тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша есептерді ҚР ЭМ және ҚР ҰЭМ ТМРБ және ТҚҚК жолдау, SCADA және телекоммуникациялар құрылысы кезеңінде жер пайдаланушылардың шығындарын өтеу бойынша жұмыстарды аяқтау, 2017 ж. ҚНК бойынша қорытынды нәтижелілікті бекіту.
Сондай-ақ, Т.Ә. Әділов 2018 жылдың 2 жарты жылдығына міндеттер қойды: 2018 жылғы Бюджетті түзетуді өткізу және 2019-2023 жж. Бизнес-жоспарды қалыптастыру, трасса бойындағы жолдың құрылысын салу және нысанды пайдалануға беру, «Сексеуілді», «Ақсуат», «Қараөзек», «Шорнақ» ЖПУ және ВК құрылысын одан әрі жалғастыру, SCADA және телекоммуникациялар жүйелерінің құрылысын жалғастыру және «Бейнеу» ГӨС құрылысын салу.
Кәсіподақ қызметіне қатысты мәселелер бойынша Кәсіподақ Төрағасы Нұрлан Сұлтанғалиұлы Сұлтанғали сөз сөйледі. Жастар істері бойынша Кеңес қызметіне қатысты мәселелер бойынша жастар істері бойынша Кеңестің Төрағасы Марғұлан Құрмет баяндама жасады.
Есеп беру кездесуін қорытындалау үшін Бас директордың бірінші орынбасары – ЖБТ басшысы Ван Лицзюнь мырза сөз сөйледі. Ол барлық қызметкерлерге 2018 жылдың 1 жарты жылдығында қол жеткізілген нәтижелер үшін алғыс білдірді және газ тасымалдау көлемі бойынша жақсы нәтижелерді атап өтті. Ван Лицзюнь мырза «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізгіштік қабілетін жылына 15 млрд. текше метрге дейін ұлғайту» техникалық-экономикалық есебін әзірлеу бойынша шартқа қол қоюды тездету және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізгіштік қабілетін жылына 15 млрд. текше метрге дейін ұлғайту бойынша базалық жобаны әзірлеу жұмыстарын бастау қажеттілігін атап өтті.
Бұған қоса Ван Лицзюнь мырза қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі нәтижені сақтау және БМЖ бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттілігін еске салды.