Таразда «Үздік маман-2018» газ саласы жұмысшыларының кәсіби шеберлік байқауы аяқталды.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ.

2018 ж. 20 Сәуір

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында «Үздік маман-2018» газ саласы жұмысшыларының кәсіби шеберлігінің дәстүрлі байқауы басталды. Байқаудың бірінші кезеңі биыл Жамбыл облысында орналасқан «Ақыртөбе» жерасты газ сақтау қоймасының базасында өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді).

«Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасының жұмыскерлері мен өңірлік филиалдардың 22 өкілі өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Газшылар «Газ өндіру жөніндегі оператор», «Бұрғылаушы», «Бұрғылаушының көмекшісі» және «Ұңғымаларды зерттеу бойынша оператор» номинациялары бойынша өз білімдерін сынады.

Құзіретті комиссия еңбекті қорғау мен жұмыскерлердің денсаулығы мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, олардың теориялық және практикалық білім деңгейін тексерді. Кәсіби дағдылардан басқа, газшылар алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін пысықтады.

Бұл ретте, «Газ өндіру жөніндегі оператор» номинациясында құрметті бірінші орынды «Шымкент» МГҚБ-дан Тарзаман Усейнгулы Мусаханович қанжығасына байлады, ал екінші орын – «Ақтөбе» МГҚБ-дан Мұхтар Базарбайұлы Құлтасовқа, үшінші орын – «Тараз» МГҚБ-дан Қайрат Лесұлы Данлыбаевқа бұйырды. «Бұрғылаушы» номинациясында бірінші орынды «Шымкент» МГҚБ-дан Жарылқасым Тұрапұлы Әбілқасымов иеленді. «Бұрғылаушының көмекшісі» номинациясында бірінші орынды – «Тараз» МГҚБ-дан Жанболат Әбдірахманұлы Ералиев, екінші орынды – «Шымкент» МГҚБ-дан Алжан Кеңесұлы Қалдарбеков, ал үшінші орынды «Тараз» МГҚБ-дан Әділ Серікбайұлы Қожахметов олжалады. «Ұңғымаларды зерттеу бойынша оператор» номинациясында бірінші орынға – «Ақтөбе» МГҚБ-дан Мирас Қаутжанұлы Шаханов, екінші орынға – «Шымкент» МГҚБ-дан Бахрам Махамбетұлы Ахралов, үшінші орынға «Тараз» МГҚБ-дан Ерлан Мамырқұлұлы Смаилов ие болды.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, ақшалай сыйлықақылармен және бағалы сыйлықтармен көтермеленді. Дәстүр бойынша байқау жеңімпаздарына жоғары кәсіби шеберлігі үшін алдыңғы жылға жалақыларына үстемақы белгіленеді.

Анықтама: Байқау жыл сайын өткізіледі және екі – іріктеу және финал кезеңінен тұрады. Байқаудың қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың маусым айында «Интергаз Орталық Азия» АҚ Атырау филиалында өтеді. Оған 1 айналымның нәтижелері бойынша үздік деп танылған 100 қатысушы 15 байқау кәсіптері бойынша қатысатын болады.

Байқаудың негізгі мақсаты кәсіби шеберлікті жетілдіру, еңбектің озық әдістері мен амалдарын анықтау және тарату, апатсыз, жоғары өнімділікті жұмысты және газ тасымалдау жүйесінің жоғары техникалық сенімділігін қамтамасыз етудегі жұмысшылардың моральдық және материалдық мүдделілігін күшейту, жұмыс кәсібінің беделін арттыру болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: +7(7172) 55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye