«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2018 ж. 27 сәуір күні, 12 сағат 10 минутта келесі мекенжай бойынша: Алматы қ, Желтоксан көшесі, 96/98, №506 кабинетте өткізілген «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ желілік бөлігінің, «Бозой» ГӨС және «Ақбұлақ» ГӨС объектілері үшін энергетикалық аудит жүргізу бойынша қызметтер» ашық тендерінің қорытындысын хабарлайды. Жеңімпаз болып өтінім сомасы 14 300 000,00 (он төрт миллион үш жүз мың) теңгені (ҚҚС есептемегенде), 16 016 000,00 (он алты миллион он алты мың) теңгені құраған (ҚҚС есептегенде) «ЭкоЭнергоГаз» ЖШС танылды, заңды мекенжайы: ҚР, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30А/3, 138 кеңсе, «Tengiz Towers-2» БО.