«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС объектілерінде өндірістік экологиялық бақылауды өткізу» қызметтерін сатып алу жөніндегі ашық тендер туралы хабарлама.

3  +  4  =  

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС объектілерінде өндірістік экологиялық бақылауды өткізу» қызметтерін сатып алу жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін 2018 жылғы 24 мамыр күні дейін (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98, № 503 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.

Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

– Әлеуетті жеткізушінің заңды мекенжайы, банк деректемелері, телефондары, факстері, байланыстағы жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ұялы телефонын көрсеткен жөн) және компания өкілі төлқұжатының (жеке басты куәландыратын құжаттың) мәліметі көрсетілген тендерге қатысу жөніндегі фирмалық бланктегі хат-өтінімі;

– Тендерлік құжаттаманы алу үшін әлеуетті жеткізуші өкілілінің сенімхаты (түпнұсқа).

Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген әлеуетті жеткізушілердің тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, Әлеуетті жеткізушілер «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекенжай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, 503 кабинетке ұсынады (жібереді).

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2018 жылғы 25 мамыр күні, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2018 жылғы 25 мамыр күні, сағат 11.45 келесі мекенжай бойынша ашылады: 050000,  Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98, № 506 каб. Әлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-66-58 телефоны арқылы алуға болады.

Тендерная документация.pdf

Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.