+ 84 = 94
Сатып алуға Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы болып табылатын, келесі мекен-жай бойынша: 050000, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 96/98 орналасқан «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Жанар-жағармай материалдарын» сатып алудың өткізілетіні жөнінде хабарлайды:
1. Сатып алудың атауы: «Жанар-жағармай материалдары».
2. Сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы, қызмет көрсетудің талаптары және мерзімі, көлемі, төлем талаптары мен мерзімі техникалық сипаттамада және сатып алу жөніндегі шарт жобасында көрсетілген.
3. Қызметтерді көрсету орны: Техникалық сипаттамаға сәйкес.
4. Техникалық сипаттама мен сатып алу туралы Шарттың жобасын 2018 жылғы «23» ақпан күні сағат 09:00 бастап 2018 жылғы «28» ақпан күні, сағат 18:30 дейінгі мерзімде (қоса есептегенде) келесі мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан к-сі 96/98, № 503 кабинетте, күн сайын, мереке және демалыс күндерінен басқа күндері, 09:00 -18:30 дейін (түскі үзіліс 13:00 – 14:30 дейін) келесі құжаттарды ұсынған соң алуға болады:
1) Аталған сатып алуға қатысу туралы хат – өтініш;
2) Техникалық сипаттама мен шарттың жобасын алу және баға ұсынысы бар конвертті ұсыну үшін әлеуетті жеткізуші өкілінің сенімхаты.
5. Аталмыш баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші заңды тұлғалардың қолы және мөрімен бекітілген, жеке тұлғалардың қол қоюымен (мөрімен, егер ол болған жағдайда) бекітілген, құрамында келесі мәліметтер мен құжаттары бар баға ұсынысын білдіруі керек:
1) Әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және тұрғылықты мекен-жайы, БСН (заңды тұлғалар үшін), патент нөмірі және жеке басын анықтайтын құжат (төлқұжат), тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны, ЖИН (жеке тұлғалар үшін) және банк деректемелері;
2) Көрсетілетін қызмет атауы, сипаттамасы және көлемі;
3) Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің орны және мерзімдері;
4) Қызметтер бірлігінің бағасы мен қызметтердің жалпы бағасы көрсетілген баға ұсынысы, ҚҚС есептемегенде, қызметтерді көрсетумен байланысты шығындарды қосқанда.
5) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлік көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркеу жөніндегі құжат көшірмесін;
6) Лицензия көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданатын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жеткізушінің өтінішін (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе);
7) Әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық сипаттаманы (егер баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алудың өткізілуі туралы хабарламада техникалық сипаттама болса және әлеуетті жеткізушінің техникалық сипаттаманы беруі жөнінде талап қойылса);
8) ҚҚС бойынша есепке тұру жөніндегі куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
9) Жарғы көшірмесі.
Әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) баға ұсынысын білдіруге құқылы, оған өзгерту және (немесе) толықтыру енгізуге тиым салынады. Баға ұсыныстары қызмет көрсетумен байланысты салық (ҚҚС қоспай) және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді (қажет болған жағдайда сақтандыру) қосқанда барлық шығындарды қамтуы тиіс және жабық конвертке салынып беріледі, оның алдыңғы бетінде әлеуетті жеткізуші келесіні көрсетуі тиіс:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекен-жайы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекен-жайы, ол хабарландыруда көрсетілген үйлес мәліметтерге сәйкес болуы тиіс;
3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын сипаттайтын қатысу үшін сатып алудың атауы.
6. Баға ұсынысы Техникалық сипаттамада көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
7. Сатып алу жөніндегі шарт баға ұсынысы ең төмен әлеуетті жеткізушімен жасалады. Бұл ретте, жеңімпаз болып танылған әлеуетті жеткізуші, өз біліктілігін растау мақсатында келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъект ретінде тіркеу жөніндегі құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;
2) Лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданытын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жеткізушінің өтініші (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе);
3) Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);
4) Жарғының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі.
Баға ұсыныстары конверттерін ұсынудың аяқталу мерзімі: 2018 ж. «01» наурыз күні, 10 сағат 00 минутта Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 96/98, № 506 кабинетте өткізіледі.
Баға ұсыныстарымен ұсынылған конверттердің ашылуы: 2018 ж. «01» наурыз күні, 11 сағат 45 минутта Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 96/98, № 506 кабинетте өткізіледі.
Баға ұсыныстары келесі мекен-жай бойынша ұсынылады: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 96/98, № 503 каб.
8. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Жанар-жағармай материалдарын» сатып алуға бөлінген жалпы сома: 5 444 208,06 (бес миллион төрт жүз қырық төрт мың екі жүз сегіз) теңге 06 тиынды құрайды (ҚҚС есептемегенде).
9. Баға, ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алу жөніндегі шарт сатып алу қорытындылары жарияланған мерзімнен 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады.
Қосымша, ақпарат пен анықтамаларды +7 (727) 330-68-25 телефоны арқылы алуға болады.
Проект договора.pdf
Техническая спецификация.pdf
Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.
Аккаунт бар ма? |