Ақан Айдын Мұхитұлы мырза – «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

«QAZAQGAZ» ҰК» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 1986 жылы туған, Алматы қаласының тумасы.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша, King’s College London магистратура бағдарламасын «Қаржылық математика» мамандығы бойынша тәмамдаған және University of Wales Institute (Ұлыбритания) MBA дәрежесі бар.

Еңбек жолы:

— 2011–2012 жж. – S&P Global Platts агенттігінің талдаушысы (Лондон қ., Ұлыбритания);
— 2012–2013 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Инвесторлармен байланыс жөніндегі департаменттің аға талдаушысы;
— 2013–2018 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Аға талдаушы, жетекші талдаушы, қазынашылық және корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары;
— 2018–2019 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қаржылық бақылау департаменті директорының орынбасары;
— 2019–2021 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазынашылық департаментін басқарды;
— 2021–2022 жж. – «АППАК» БК ЖШС (Қазақстан-Жапон бірлескен кәсіпорыны) Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
— 2019 жылдан 2022 жылға дейін «Үлбі металлургия зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді.
2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі болып табылады.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.