Ихсанов Мейрбек Уакасович мырза – «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының өндіріс және маркетинг жөніндегі орынбасары

Ихсанов Мейрбек Уакасович

«QAZAQGAZ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 1980 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы

Білімі
— Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы «Инженер-электрик»;
— Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, мамандығы «Экономика және бизнес магистрі».
Шлюмберже (Париж қ., Франция) компаниясының бас офисінде Management Development толық бағдарламасынан өтті.

Еңбек жолы:
Халықаралық компанияларда өндірістік және басқарушылық тәжірибесі бар, 9 мемлекетте ірі жобаларды іске асыруға қатысты.
— 2002-2004 жж. – «Қарашығанақ» жобасында «Инжтехсервис» ЖШС-нің инженер-электригі;
— 2004-2008 жж. – Шлюмберже халықаралық компаниясының Әлібек-мола және Қожасай кен орындарында супервайзер болып жұмыс істеді;
— 2008-2017 жж. – Теңіз және Королевское (ТШО) кен орындарының бас инженері, Сахалин-1 жобасының өңірлік операциялық директоры (Сахалин аралы, РФ), Шлюмберже халықаралық компаниясының Өңірлік операциялық директоры (Сауд Арабиясы);
— 2018-2022 жж. – Кувейт, Катар, Оман, Египет, Ресей Федерациясы және Орта Азия елдеріндегі Шлюмберже халықаралық компаниясының жаңа технологиялар маркетингі және сату жөніндегі өңірлік директоры.
2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс және маркетинг жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі болып табылады.