Бас директордың орынбасары- ЖБТ басшысының орынбасарының «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Жобаны Басқару Тобының (ЖБТ) құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерімен арадағы есеп беру кездесуі.
10.10. 2017 ж. Алматы қ. Бас директордың орынбасары- ЖБТ басшысының орынбасары мен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Жобаны Басқару Тобының (ЖБТ) құрылымдық бөлімшелері арасында кездесу өткізілді. Күн тәртібінде ЖБТ 2017 жылдың ІІІ тоқсанында күтілген жұмыс нәтижелері мен 2017 жылдың IV тоқсанына қойылған міндеттер талқыланды.
2017ж. ІІІ тоқсанында келесі жұмыстар атқарылды:
1. 2017 жылдың 01 тамызында «ББШ газ құбыры құрылысы. Түзету 3» ЖСҚ «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды;
2. «Сексеуілді», «Ақсуат» ЖПУ және ВК, SCADA нысандары мен телекоммуникация жүйелерінің құрылысына 0-1454,3км) бақылау іске асырылуда;
3. Мердігерге жұмыс құжаттамасы толық көлемде тапсырылды және орынға шығу арқылы, «Бейнеу-Бозой» учаскесі мен «Бейнеу» ГӨС ІІ кезеңнің трасса бойындағы (қызметтік) жолдарының құрылысын салуды бастау үшін ТБЖ координаттарын нақтылау жүргізілді;
4. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ ЖБ 311-882,6 км учаскесіндегі газ құбыры трассасында желден және көшпелі құмнан қорғау құрылғысы бойынша жұмыстар жалғастырылды;
5. «Бозой» КС ГАА 72 сағаттық және антипомпажды сынақтар өткізілді;
6. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысының Кестесі өзектендірілді және Серіктестік ҚЖЖ қарауына және бекітілуге ұсынылды;
2017 жылдың IV тоқсанына қойылған міндеттер:
1. «Бозой» КС нысандарын жобалау бойынша жұмыстарды аяқтау;
2. «Қараөзек» ЖПУ және ВК, «Шорнақ» ЖПУ және ВК нысандарын жобалау бойынша жұмыстарды аяқтау;
3. SCADA /Телеком нысандары бойынша жұмыс құжаттамасын қарастыру, тексеру және бекітуді жалғастыру;
4. «Бейнеу» ГӨС құрылысы үшін ЖҚ әзірлеуді бастау;
5. РМТ-033 және РМТ-050 келісімшарттары бойынша авторлық қадағалау, жұмыс құжаттамаларын тексеру және келісу бойынша «ҚМГИ» АҚ жұмыстарын жүргізуді басқаруды жалғастыру;
6. «ББШ газ құбыры құрылысы. Түзету 3» ЖСҚ бойынша «Мемсараптама» РМК алынған оң қорытындыға сәйкес, «Қараөзек» ЖПУ және ВК, «Шорнақ» ЖПУ және ВК, «Сексеуілді» ЖПУ және ВК, «Ақсуат» ЖПУ және ВК ЖҚ өзгертулер енгізу;
7. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ құрылысының 3 кезеңі бойынша нысандардың құнын анықтау үшін ТЭН түзету бойынша дайындық жұмыстарын бастау;
8. «ҚМГИ» АҚ тарапынан 2 қадам «ББШ газ құбыры құрылысы. Түзету 3» ЖСҚ қабылдауды аяқтау;
9. Серіктестіктің 2018 жылғы істер номенклатурасын жаңарту;
10. Серіктестіктің техникалық құжаттамаларын бақылау бойынша Нұсқаулықты өзектендіру.