«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС басшылығының «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлерінің Оқшау Кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Кәсіподақ комитетінің мүшелерімен арадағы кездесуі.
2017 жылдың 10 қазанында «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС басшылығы мен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлерінің Оқшау Кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Кәсіподақ комитетінің мүшелері арасында кездесу өткізілді.
Күн тәртібінде Кәсіподақтың 2017 жылдың соңына дейінгі іс-әрекеттер жоспары, Кәсіподақтың жаңа мүшелерін қабылдау және 2018 жылғы Кәсіподақ бюджеті талқыланды.
Серіктестіктің Бас директоры кездесу нәтижесін қорытындылай келе, қаражаттың шектеулі көлеміне қарамастан, Кәсіподақтың мейлінше белсенді жұмыстар атқарғанын атап өтті. Олардың ішінде: Серіктестік қызметкерлерінің балаларының қатысуымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды; Ұжымдық шартқа қол қойылғанға дейін қызметкерлерді әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін (балалардың тууы, туыстарының қайтыс болуы, балалардың жазғы лагерьлерде демалысына байланысты төленген өтемақылар және т.б.) түрлі шараларды ұйымдастыру бойынша нақты жұмыстар атқарылды.
Серік Естайұлы Ұжымдық шарттың қол қойылуына баса назар аударды. Қазір бұл құжаттың ережелері Серіктестікте қолданылуда. «Ұжымдық шарт- Серіктестік қызметкерлерінің әлеуметтік, құқықтық қорғалуының негізгі элементі болып табылады. Жыл ішінде Қызметкерлерді басқару департаменті Кәсіподақпен бірлесіп оның орындалуына мониторинг жүргізуі қажет»,- деді Бас директор өз сөзінде.
Талқылау нәтижесінде келесі шешімдер қабылданды:
1. Кәсіподақтың жаңа мүшелерін қабылдау бойынша жұмыстарды жалғастыру және оған Серіктестік қызметкерлерінің мейлінше көп санын қамту.
2. Қараша айының басында кәсіподақ ұйымының Жалпы жиналысын өткізу және онда Кәсіподақ Төрағасын сайлап, қажет болған жағдайда ұйымдық сипаттағы өзге де шешімдер қабылдау.
3. Серіктестік бюджетінен белгілі бір соманы аудару тұрғысында 2018 жылғы кәсіподақ бюджетінің жобасы туралы мәселе талқылау үшін келесі кездесудің күн тәртібіне шығарылсын.