«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасарының құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен есептік кездесуі.
2017 жылғы 11 шілдеде «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Б.Қ.Саурамбаев құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында пайдалану блогының 2017 жылғы 2 тоқсандағы жұмысына қорытынды жасалды.
Сонымен қатар, 2017 жылғы 3 тоқсанда жасалатын міндеттер айқындалды.
Ішкі және сыртқы нарықтың тұтынушыларына үздіксіз газ беруді қамтамасыз ету үшін, «Бозой» КС агрегаттардың күзгі-қысқы кезеңде оңтайлы жұмыс істеу тәртібін қалыптастыру қажет.
«Бозой» КС газды «ОАО» және «Бұхара-Орал» газ құбырларының кіреберісінен, яғни Бейнеу және «Бозой» ГӨС арқылы алады.
Мәжіліске 01.07.2017ж. бастап пайдалану блогына қосылған АТ департаментінің қызметкерлері қатысты. «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС техникалық директоры Ло Иньвей мырза SCADA жүйесінің құрылысын салу мен оны пайдалануға енгізудің, осы келісімшарт бойынша ағымдағы мәселелерді шешудің маңыздылығын атап көрсетті.