«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2017 ж. 11 мамыр күні, 12 сағат 00 минутта келесі мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 303 кабинетте өткізілген «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы» жобасы бойынша «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры екінші кезеңінің («Бейнеу-Бозой» учаскесінің 0-311 км) трасса бойындағы жол құрылысы жұмыстарын сатып алу жөніндегі ашық тендердің қорытындысын хабарлайды. Жеңімпаз болып өтінім сомасы 3 708 477 763, 91 (үш миллиард жеті жүз сегіз миллион төрт жүз жетпіс жеті мың жеті жүз алпыс үш) теңге және 91 тиын құраған, «Темір Сервис» ЖШС және «Tiara Insulation» ЖШС құралған консорциум танылды, заңды мекен-жайлары: ҚР, Ақтөбе қ., Абылхайыр хан даңғылы, 85, 401 офис; ҚР, Алматы қ., Көктобе ықшам ауданы, Найманбаев көш., 6.