28 + = 29
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Бейнеу» газ өлшеу станциясын жобалау, жеткізілім және құрылыс жұмыстарын сатып алу бойынша ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды.
Сатып алуға бөлінген сома: 6 347 937 539,94 (алты миллиард үш жүз қырық жеті миллион тоғыз жүз отыз жеті мың бес жүз отыз тоғыз) теңге және 94 тиын, ҚҚС қоспағанда.
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетін 2017 жылғы «27» шiлде күні (қоса есептегенде), сағат 18.30-ға дейін, 050000, Алматы қаласы, Желтоксан көшесі, 96/98, № 503 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетін қолма-қол алу үшін заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған Тендерлік құжаттаманы алу бойынша ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхатын, сондай-ақ ресми бланкіде еркін нысанда рәсімдеген, тендердің толық атауы, деректемелер нұсқалған және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған тендерге қатысу үшін хат-өтінімді (түпнұсқа) ұсыну қажет.
Жоғарыда баяндалғандарды толықтыра отырып, «Бейнеу» газ өлшеу станциясын жобалау, жеткізілім және құрылыс жұмыстарын сатып алу бойынша тендерлік құжаттама қосымшаларының электронды редакциясы көлемінің ауқымдылығына байланысты, ықтимал жабдықтаушылар оның электронды нұсқасын (көлемі кем дегенде 10 (он) Гбайт) жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша көшіріп алуы қажет.
Тендерлік өтінімді тапсыру үшін заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған тендерлік өтінімді беру бойынша ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхатын ұсыну қажет.
Берілген тендерлік құжаттаманың, соның ішінде есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, келесі мекенжай бойынша: 050000, Алматы қаласы, Желтоксан көшесі, 96/98, № 503 кабинетке ұсынады (жібереді).
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2017 жылғы «28» шiлде, сағат 10.00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2017 жылғы «28» шiлде күні, сағат 12:00 келесі мекен-жай бойынша ашылады: 050000, Алматы қаласы, Желтоксан көшесі, 96/98, № 506 каб. Ықтимал жабдықтаушылар конверттерді ашу рәсіміне тек қатысуға сенімхат бар болған жағдайда тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.
Проект договора.rar
Тендерная документация.rar
Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.
Аккаунт бар ма? |