Бағдарламалық жасақтаманы сатып алу бойынша ашық тендер өткізу туралы хабарлама.

38  +    =  42

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Бағдарламалық жасақтаманы сатып алу бойынша ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін 2017 жылғы 19 шілдеге дейін (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, № 503 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс).

Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

– Ықтимал жабдықтаушының заңды мекен-жайы, банк деректемелері, телефондары, факстері, байланыстағы жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ұялы телефонын көрсеткен жөн) және компания өкілі төлқұжатының (жеке басты куәландыратын құжаттың) мәліметі көрсетілген тендерге қатысу жөніндегі фирмалық бланктегі хат-өтінімі;

– Тендерлік құжаттаманы алу үшін ықтимал жабдықтаушы өкілілінің сенімхаты (түпнұсқа).

Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекен-жай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, 503 кабинетке ұсынады (жібереді).

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2017 жылғы 20 шілде, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2017 жылғы 20 шілде, сағат 12.00 келесі мекен- жай бойынша ашылады: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, № 502 каб. Ықтимал жабдықтаушылар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-69-26 телефоны арқылы алуға болады.

Проект договора.pdf

Тендерная документация.pdf

Техническая спецификая.pdf

Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.